Жапон иенінің бағамы құлдырап, 32 жыл бұрынғы көрсеткішке бір-ақ жетті

Осылайша жапон валютасы 1990 жылғы көрсеткіштерге бір-ақ түсті.
Жұма күнгі сауда нәтижелері бойынша бір долларға шаққанда жапон иені 147,70 деңгейінде болған.
Жапон валютасының құлдырауы АҚШ-тағы тұтынушылық бағалар индексінің өсуінен кейін басталды. АҚШ-тың қаржы деректеріне көз жүгіртсек, елде базалық инфляция өсуде, алдағы уақытта Федеративті резервтік жүйесі мөлшерлемені көбейтеді деп күтілуде.
2022 жылдың басынан бері иеннің долларға шаққандағы құны шамамен 30%-ға төмендеген.
stan.kz