Өзбекстанда болған жарылыстан 16 адам зардап шекті
Көрші елдің Сырдария ауданында Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарылыс 22 қазан күні таңы сағат 4:55-те болған.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
«Қазіргі уақытта облыстық сектор басшылары мен басқа да ресми ұйымдардың мамандарын тарта отырып, әскери бөлімнің айналасы зерттелуде, азаматтарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, кәсіпорындарға, мекемелерге келтірілген шығынды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда», деп жазылған хабарламада.
Жарылыс салдарынан 16 адамның зардап шеккен.
Әзірге қоймада не сақталғаны турады дерек жоқ.