Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалықтар бензин бағасын төмендету шараларын қолдайды

Америкалықтар бензин бағасын төмендету шараларын қолдайды

АҚШ-тың бес сайлаушысының үшеуі немесе америкалықтардың 57%-ы бензиннің ішкі бағасын төмендету құралы ретінде Стратегиялық мұнай резервінен (SPR) қаражат бөлуді қолдайды.

Мұндай деректерді Morning Consult соңғы зерттеуі көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Oilprice-ға сілтеме жасап.

Сауалнамаға сәйкес, демократтардың 70%-ы және республикашылардың 48%-ы мұнай резервінен ақша бөлуді қолдайды.

Байден әкімшілігі осы жылдың соңына дейін стратегиялық мұнай резервінен 180 миллион баррель бөлмек. Ақ үй 8 қарашадағы аралық сайлау қарсаңында мұндай қадамды бензин бағасын төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырып отыр.

Сонымен қатар, бензин бағасын төмендетудің басқа шаралары одан да көп қолдау тапты. Мысалы, бағаны көтеруге тыйым салу сайлаушылар арасында ең танымал шара, оны барлық сайлаушылардың 76%-ы мақұлдады.

Сауалнама сонымен қатар осы шаралардың ішінде республикашылар АҚШ-тың шикі мұнай жеткізілімін ұлғайтуды кеңінен қолдайтынын көрсетті, ал демократтар мұнай компанияларына назар аударуды жақтайды.

Сонымен қатар, өткен аптада Rasmussen Reports жүргізген соңғы жалпыұлттық сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы ықтимал сайлаушылардың 83%-ы бензин мен отынның жоғары бағасына алаңдайды.

Зерттеуге сәйкес, 46%-ы президент Байден энергетикалық саясатта нашар жұмыс істеді деп санайды, ал 38% бұл саясатты жақсы немесе жоғары деп бағалап отыр.

nform.kz
27 қазан 2022 ж. 448 0