Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мені ешкім тыңдамайды": Бозымбаев бензин бағасын көтер-түсір деп бұйыра алмайтынын айтты

"Мені ешкім тыңдамайды": Бозымбаев бензин бағасын көтер-түсір деп бұйыра алмайтынын айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасын министрлік емес, нарық реттеп отыратынын жеткізді,

«Бензин бағасын мен емес, нарық реттеп отырады. Ал мені ешкім тыңдамайды. Көшеге шығып алып оларға «бағаны түсір немесе көтер» деп айта алмаймын. Егер олай айтатын болсам, компаниялардың мені сотқа беруге құқығы бар», - деді министр. 
Әрі қарай ол бензин бағасының айтарлықтай арзандағанына тоқталды. Айтуынша, бұған нарықтағы сұраныстың төмендеуі себеп болып отыр. 
«Республикада АИ-92 бензинінің бағасы 2018 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 6,9% арзандады. Яғни қазір бензиннің 1 литрі 147,6 теңге тұрады. Бұл АИ-92 бензиніне қатысты айтылып жатыр. Мұнымен қатар, республикада АИ-95/96 маркалы бензин де 3,8 % арзандады. АИ-98 бағасы бір жылдың ішінде 3,4% төмендеп, литрі 185,9 теңгеден сатылып жатыр», - деді министр.

https://stan.kz 

21 маусым 2019 ж. 680 0