Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бозымбаев бензиннің арзандауы туралы: Бұл мұнайшылар үшін жақсы емес

Бозымбаев бензиннің арзандауы туралы: Бұл мұнайшылар үшін жақсы емес

Еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының арзандауына қатысты пікір білдірді. Ол мұнайды ішкі нарыққа тасымалдау мұнайшылар үшін тиімсіз болып келе жатқанын айтты

Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде АИ-92 және АИ-95 бензиндерінің профициті жалғасуда. Нарық жауап беруде, бензин бойынша ұсыныс көп, алайда тұтыну айтарлықтай артпаған, дейді ол. 
«Бұл мұнайшылар үшін жақсы жағдай емес. Себебі олар үшін мұнайды ішкі нарыққа тасымалдау тиімсіз болып келе жатыр. Экспортпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық байқалады. Ал бұл тұтынушылар үшін жақсы», - дейді ведомство басшысы.
Сонымен қатар Бозымбаев қазақстандық және ресейлік нарықтардың бағыттары әртүрлі екенін атап өтті. Елімізде бензин бағасы арзандаса, Ресейде, керісінше, қымбаттауда.
Министрдің айтуына қарағанда, бензиннің арзандауы мұнайдың жаһандық бағасының төмендеуімен байланысты емес.  
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 бензинінің арзандағанын хабарлаған едік. Ірі бес ойыншының үшеуі бензин бағасын арзандатқан.
http://stan.kz
10 маусым 2019 ж. 636 0