Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзербайжан Еуропаға газ экспортын алдағы жылдары 10-15 пайызға арттырмақ

Әзербайжан Еуропаға газ экспортын алдағы жылдары 10-15 пайызға арттырмақ

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан бірнеше жылдан кейін Еуропадағы газ нарығының үлесін қазіргі 2 пайыздан 10-15 пайызға дейін арттыруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тrend-ке сілтеме жасап.
«Балқан елдері мен Шығыс Еуропаға Оңтүстік газ дәлізі (ЮГК) арқылы газ жеткізуді жеделдету үшін құбырларды кеңейту және өткізу қабілетін арттыру мақсатында осы елдердің аумағында интерконнекторлар салу қажет. Ол үшін қосымша қаржы керек болады», - деді румындық SMARTLINK COMMUNICATIONS компаниясының бас директоры, сарапшы Раду Магдин.
Ол Әзербайжан Еуроодақтың REPowerEU жоспарын жүзеге асыруда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
«2022 жылдың 18 мамырында Еуропалық комиссия қабылдаған бұл жоспар ресей газына тәуелділікті 40 пайызға азайтып, Еуропаны энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандыруды көздейді. Әзербайжан биыл Еуропаға 12 миллиард текше метрге дейін газ жеткізуді жоспарлап отыр. Оңтүстік газ дәлізінің кеңеюі бірнеше жылдан кейін Еуропаға газ жеткізуді жылына шамамен 20 миллиард текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Раду Магдин.

Фото: RBC.RU
inform.kz
03 желтоқсан 2022 ж. 538 0