Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнатып, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылады деп үміттенеді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары арасында бекітілген Таулы Қарабақ келісіміне қатысты мәлімдеме жасады.    
Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылды тоқтату туралы уағдаластықты жоғары бағалады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.
Министрлік осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтті.
"Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылады деп үміттенеміз", - делінген ресми хабарламада.
Бірлескен мәлімдеме Таулы Қарабақтағы атыс 10 қарашадан бастап толығымен тоқтатылатыны аталып өткен.
Әзербайжан мен Армения өздері иеленген шепте тоқтап, әскери тұтқындарды алмасуы тиіс. Сондай-ақ Қарабақта Ресей бітімгершілік күштері орналастырылады.
Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасындағы жағдай осы жылдың қыркүйек айында шиеленіскен болатын.  
sputnik.kz
11 қараша 2020 ж. 618 0