Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туымен безендірілді

Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның әнұраны таңдалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз, - делінген видеоның сипаттамасында.