Ауғанстанда жанармай таситын көлік жарылып, тоғыз адам қаза тапты

Талибан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Мевлеви Хамидулла Мисбах кеше түнде болған жарылыста бірнеше көліктің өртенгенін айтты.
Тергеушілердің мәліметінше, жарылыс жанармай құйылған цистернаның аударылуы салдарынан болған.