Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бельгиялықтар газ бен электр энергиясын барынша үнемді пайдалануда

Бельгиялықтар газ бен электр энергиясын барынша үнемді пайдалануда

Бельгия Фландриясындағы үй шаруашылықтары газ бен электр энергиясын тұтынуды азайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Осы жылы Бельгия тұрғындарының газ тұтынуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға азайды. Электр энергиясы үшін бұл көрсеткіш 12%-ға төмендеді. Фландриядағы «Fluvius» желілік операторының деректері энергия бағасының жоғарылауы үй шаруашылықтарына өте суық, аязды күндерде де электр энергиясын тұтынуды азайтуға мәжбүр ететінін көрсетеді.

Энергия бағасы елде 2021 жылдың соңында өсе бастады. Ресейден газ импортын шектеу сұранысқа қосымша қысым түсірді. Энергетикалық оператордың талдауы көрсеткендей, ауа райының суық болғанына қарамастан, жекелеген абоненттер жылыту жүйелерінің температурасын төмендеткен. Кейбір адамдар енді барлық бөлмені жылуға қосудан бас тартқан. Осылайша, күн батареялары жоқ үй шаруашылықтары арасында электр энергиясын тұтыну 11,5%-ға төмендеген. Күн панельдері бар үй шаруашылықтары 13,5 %-ға үнемдеген.

«Fluvius» компаниясының пайымдауынша, бұл үй шаруашылықтарында жылу сорғылары мен электромобильдер сияқты электр энергиясын көбірек тұтынатын құрылғылардың көп болуымен байланысты. Қазіргі уақытта Бельгияда күн райы жылынды, бұл тұрғындарға жылуды одан да көп үнемдеуге мүмкіндік береді.
23 желтоқсан 2022 ж. 574 0