Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Абу-Дабидегі келелі келіссөз

Абу-Дабидегі келелі келіссөз

«ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Abu Dhabi Ports» хол­дингінің бас директо­ры Мохамед Джума Аль-Шамсимен кездесу өткізді. Кездесу ұлт­тық компания бас­шысының Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында ұйым­дас­ты­рылды.
Сапар барысында Мағзұм Мырзағалиев «Abu Dhabi Ports» компаниясының басты порты – 2012 жылы пайдалануға берілген Khalifa терең теңіз портына, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау базасына барды.

Кездесуде тараптар те­ңіз және жаға­лаудағы жүк тасымалы, Каспий айма­ғын­­дағы сауда флотын дамы­ту және инвестиция тарту са­ла­сын­дағы екіжақты ынты­мақ­тастықтың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар «Қаз­МұнайГаз» бен «Abu Dhabi Ports» Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық орнату мүм­кін­діктеріне тоқталды.

Еске сала кетейік, «Abu Dhabi Ports» – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнер­кә­сіптік және логис­ти­ка­лық операторы. Оның қор­жынында ірі кәсіпорындар бар. Сондықтан ол өңірдегі ірі холдингтік компаниялардың бірі болып саналады. Сон­дай-ақ компания Абу-Даби­дің әртараптандырылған эко­номикасының негізгі сек­торларын қамтып отыр.

«Abu Dhabi Ports» БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалға (контейнерлік, жал­пы жүктер, Ро-Ро, круиздік), сондай-ақ 550 шаршы шақырымнан астам өн­ді­ріс­тік аймақтарға иелік етеді әрі басқарады. Бұл сауданы жеңілдетіп, Абу-Дабиді бүкіл әлеммен байланыстырады. Порт кластерінде Абу-Даби, Зайед, Халифа, Мусаффа, Мухаррак, Сила және басқа да порттар бар.

egemen.kz​​​
29 желтоқсан 2022 ж. 629 0