Канадада шетелдіктерге үй сатып алуға тыйым салынды
Канада билігі шетелдіктердің тұрғын үй сатып алуына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасай отырып.
Шетелдіктердің тұрғын үйді екі жылға сатып алуын шектейтін заң 1 қаңтарда күшіне енді.
Оның мақсаты – жергілікті тұрғындар үшін баспаналы болуды қолжетімді ету. Осыған дейін шетелдік резидент емес инвесторлар бүкіл ел бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алғаны бағаның өсуіне әсер еткен.
Алайда босқындар, азаматтығы жоқтар, тұрақты тұрғындар және жалға алғысы келетін адамдар сияқты тұлғалар ескеріледі.
Заңды бұзған корпорацияларға немесе жеке тұлғаларға үлкен айыппұл салынады немесе мүлік тәркіленеді.
Бұған дейін Канададағы тұрғын үй бағасы соңғы екі жылда 50%-дан астам өскен.