Өзбекстанда суыққа байланысты оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды

Сонымен қатар Әндіжан, Хорезм, Наманган, Ташкент облысы, Қарақалпақстан Республикасы, Ферғана, Бұхара және Сырдария облыстарының білім беру ұйымдарында қысқы каникул 18 қаңтарға дейін ұзартылды.
Айта кетсек, Ташкентте соңғы 50 жылдағы ең суық температура тіркелді. Сонымен қатар елдегі суық ауа райына байланысты халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды.