Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістан халық саны бойынша Қытайдан асып түсуі мүмкін

Үндістан халық саны бойынша Қытайдан асып түсуі мүмкін

Үндістан 2023 жылы халық саны бойынша Қытайдан асып түсуі мүмкін. Мұндай деректер World population Review статистикалық ұйымының зерттеуінде келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Порталда жаңарып отыратын мәліметтерге сүйенсек, аталған екі елде әлемдегі ең көп халық шоғырланған. Мәселен, қазір Үндістан халқының саны 1 422 699 743 адамды құрайды, ал Қытайда — 1 425 831 143 адам. Зерттеуде атап өтілгендей, халық санының өсуі тұрғысынан Үндістан осы жылдың өзінде-ақ ҚХР-дан асып түскен. Сонымен қатар оған халық ең көп шоғырланған ел атағы берілді. Оның азаматтарының саны кем дегенде 2050 жылға дейін өсе береді деген болжам бар.

Бұған дейін 17 қаңтарда Қытай халқының өткен жылы 850 мың адамға азайғаны хабарланған болатын. Нақтырақ айтқанда бұл елдің тұрғындарының саны 1,411 млрд-қа дейін төмендеген.

Қазір ҚХР елеулі демографиялық проблемаларға тап болып отыр. Елдегі 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдардың соңында енгізілген «бір отбасы — бір бала» саясатының аяғы осындай мәселелерге әкеліп соқты.

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
18 қаңтар 2023 ж. 821 0