Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай қайта арзандап келеді

Мұнай қайта арзандап келеді

АҚШ инфляциясы бойынша алдағы деректерге және Азия мен Америка Құрама Штаттарындағы мұнай өңдеу зауыттарының қайта іске қосылуына байланысты жұма күні өткен сессияда мұнай бағасы 2%-ға өскеннен кейін қайта арзандап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай фьючерстері жұма күні 2,2%-ға өскеннен кейін Баку уақытымен 10 сағат ішінде 74 центке немесе 0,9%-ға (баррелі 85,65 долларға дейін) арзандады. Ал WTI маркалы америкалық мұнай баррелі 78,99 доллар болды, яғни 73 центке төмендеді немесе 2,1%-ға өскеннен кейін 0,9%-ға арзандаған.

OANDA биржа компаниясының сарапшылары шикі мұнай бағасы төмендеп жатқанын атап өтті, өйткені энергия трейдерлері оған сұраныс азаятынын болжап отыр.
Басылым АҚШ Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) елдегі инфляцияны тежеу мақсатында пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі экономикалық белсенділік пен мұнайға деген сұранысты бәсеңдетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
CMC Markets сарапшылары жексенбіде Джейхандағы түрік терминалы арқылы Әзербайжан мұнайының экспортын қалпына келтіру қара алтынды жеткізуге қатысты алаңдаушылықты азайтты деп санайды.
Терминал өткен аптада Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен зақымдалды. Бұл Әзербайжан мен Ирактан мұнай тасымалдайтын құбырларды сақтау және тиеу орны.
Ресей наурыз айында шикі мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге немесе өндіріс көлемінің шамамен 5%-ын қысқартатынын айтқаннан кейін жұма күні мұнай бағасы көтерілді.
Өткен аптада Brent 8,1%-ға, WTI 8,6%-ға қымбаттады. Бұған желтоқсан айында COVID шектеулері жойылғаннан кейін әлемдегі ең ірі шикі мұнай тұтынушысы Қытайдағы сұраныстың қалпына келуіне деген оптимизм ықпал етті.
13 ақпан 2023 ж. 366 0