Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай COVID-19-ды жеңгенін жариялады

Қытай COVID-19-ды жеңгенін жариялады

Бүгін ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитеті отырысын өткізіп, оның барысында Қытай елі COVID-19-ды бақылау саласында шешуші жеңіске жеткені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай басшылығы коронавируспен күресте «үлкен және шешуші жеңіске жеткенін» жариялады. 17 ақпан, жұма күні ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитетінің отырысынан кейін жарияланған мәлімдемеде Қытай қараша айынан бастап салыстырмалы түрде қысқа мерзімде пандемиядан қалыпты өмірге «мінсіз көшті» деп мәлімдеді. Жиынды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, коронавирус пандемиясы кезінде елде 200 миллионнан астам ауру жұқтырған адамға медициналық көмек көрсетілді, 800 000-ға жуық ауыр науқас емделді. Бұл ретте Қытайдағы COVID-19 өлімінің деңгейі әлемдегі ең төмен көрсеткіш болды.

Енді өлім туралы деректер жарияланбайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, желтоқсанның басынан ақпанның басына дейін ауруханаларда 83,150 өлім тіркелген.

2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қытайға келетін адамдар үшін міндетті карантин алынып тасталды. Кейін Қытай Қазақстанмен шекарадағы карантиндік шектеуді алып тастады. COVID-19 шектеулері алынып тасталғаннан кейін Қытайға кіретін адамдар саны 50%-ға өсті.
17 ақпан 2023 ж. 365 0