Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Шанхай ауруханалары науқастарға толы

Коронавирус: Шанхай ауруханалары науқастарға толы

Шанхайда күн сайын медициналық мекемелерге COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түседі, олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар.
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлады.
Ел билігі қатаң санитарлық шектеулерді алып тастағаннан кейін бір айдан соң Қытай бұрын-соңды болмаған инфекция толқынына тап болды.
Соңғы күндері оннан астам ел Қытайдан келген жолаушылар үшін COVID-19 тест сынақтарын енгізді. Бейжің бұл шараны айыптады.
Бұған дейін Қытай 8 қаңтарда шекараларын қайта ашатынын және вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін енгізілген карантин шараларын алып тастайтынын айтқан. Бұған дейін елде ковид туралы күнделікті деректерді жариялау тоқтатылды. Қытайдың құрлықтағы шекара бекеттері арқылы жолаушылар тасымалын қалпына келтіріп, өз азаматтарына шетелдік турлар үшін төлқұжаттарды қайтадан бере бастайтыны хабарланды.

inform.kz



04 қаңтар 2023 ж. 550 0