Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кубада парламент сайлауы өтті

Кубада парламент сайлауы өтті

Кубада кеше өткен парламент сайлауының қорытындысы жақын күндері жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғамдағы оппозициялық көңіл-күй көрсеткіші ретінде тұрғындардың сайлауға қатысуына ерекше көңіл бөлінді.

Бірақ ресми дерек бойынша, сол күні сайлауға 8 миллионға жуық адам, яғни дауыс беру құқы бар сайлаушылардың 70% келген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл сайлауды жалған амал деп атады. Себебі ұлттық ассамблеядағы 470 орынға ел үкіметі алдын ала таңдап алған 470 адам үміткер болды.

Таңдалған заң шығарушылар президенттікке үміткер ұсынуға жауап береді және оны парламенттегі дауыс беру барысында өздері сайлап алады.

Болжам бойынша, Куба коммунистік партиясының көшбасшысы Мигель Диас-Канель екінші мерзімге сайланады.

Куба экономикалық дағдарыс пен жиілеген әлеуметтік наразылықтармен күресіп жатыр.

Былтыр АҚШ-қа өтпек болған заңсыз кубалық мигранттардың саны төрт есе артқан.
29 наурыз 2023 ж. 455 0