Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ара шаққан ер адам мерт болды

Ара шаққан ер адам мерт болды

Пхукетте көптен бері тұрып келе жатқан шетелдік турист ара шаққаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Phuket Express газетіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Таиландтың курортты қаласының Раваи ауданындағы үйге келіп жеткен жедел жәрдем 68 жастағы Ұлыбритания азаматын ес-түссіз күйде тапқан. Жақын маңдағы ауруханаға жеткенше оның жүрегі мен өкпесіне реанимация жасалды. Алайда бұл көмектеспеді, ауруханаға жеткенде дәрігерлер ер адамның көз жұмғанын айтты.
Ер адамның таилық әйелі өлімге себеп ара болғанын мәлімдеген. Ер адам мотоциклмен үйіне келе жатқанда оны ара шағып алған екен. Ол үйге келісімен аллергияға қарсы дәрі қабылдаған. Содан кейін есінен айрылып құлаған. Сонымен қоса, әйелдің сөзінше, ер адамда ара сияқты жәндіктерге аллергиясы болған. Дегенмен өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.
04 сәуір 2023 ж. 390 0