Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді

Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Салтанатты шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Владимир Путин Қызыл алаңда өтетін дәстүрлі шеруге қатысады. Сондай-ақ шеруге ТМД елдерінің көшбасшылары шақырылған. Бұған дейін әскери шеруге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің Президенттері және Армения Премьер-министрінің қатысатыны белгілі болды.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, олар Путинмен бірге Қызыл алаңдағы трибунадан әскери шеруді бақылайды. Бұдан соң көшбасшылар Александр бағындағы белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоқтарын қояды.
09 мамыр 2023 ж. 477 0