Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Африкада 31 адам тырысқақтан қайтыс болды

Оңтүстік Африкада 31 адам тырысқақтан қайтыс болды

Оңтүстік Африкада ақпан айында басталған індеттен қайтыс болғандар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Гаутенг провинциясында 29 адам, Фри-Стейт және Мпумаланга провинцияларында тағы екі адам қайтыс болған.

Жалпы Оңтүстік Африкада тырысқақ инфекциясының зертханалық расталған 166 жағдайы анықталса, тағы 202-сі дәрігерлердің бақылауында. Билік бұған дейін 22 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса індет ошағына айналған Хамманскраал қаласына барды. Ол билік тырысқақ індетімен күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, 43 елде 1 миллиардтан астам адам тырысқақ ауруымен ауырады. Бұл індеттің қаншалықты қауіпті және қай елдерге қауіп төніп тұрғанын мына жерден оқуға болады.
09 маусым 2023 ж. 248 0