Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды
Гонконгте ұшақ апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Әуе көлігінің шассиі жарылып, 18 адам жарақат алған.
Жолаушылар лайнері Лос-Анджелеске бара жатқан. Ақау шыққан соң экипаж әуежайға қайтуға шешім қабылдапты.
Ұшақта 300-ге жуық жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына 10-нан астам жедел жәрдем көлігі келді.