Биыл қажылыққа барғандар саны рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін

Корольдік билігі биылғы діни рәсімді орындауға келушілер саны бұрын-соңды тарихта болмаған көрсеткішке жетуі мүмкін деп санайды. Өйткені осы уақытқа дейін екі миллионға жуық адам келіп үлгерген, енді кем дегенде екі жарым миллион адам келеді деп күтеді.
Биылғы жылы Ресей мұсылмандары үшін қажылық квотасы 25 мың адамды құрады.
Келушілер санының артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтуге тырысып жатыр. Елдегі аптап ыстық біршама қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазірдің өзінде Мекке аймағында күндізгі температура 46°-қа жетеді.
Бұған дейін 4 мың қазақстандық Меккеге қажылық сапар жасайтынын хабарлаған болатынбыз.