Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда азық-түлік қымбаттады

Германияда азық-түлік қымбаттады

Германияның статистикалық басқармасы елдегі инфляция жөнінде мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған сәйкес маусым айында тұтынушылық тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8%-ке өсті. Әсіресе азық-түлік 15 процентке дейін қымбаттаған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Электр қуаты мен коммуналдық қызметтердің де құны айтарлықтай артты. Сарапшылардың болжамынша, алдағы айларда бұл үрдіс сақталады. Ал келесі жылда инфляция деңгейі біртіндеп төмендейді.
30 маусым 2023 ж. 251 0