Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті

Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті

Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Өртсөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат бойы арпалысқан.

Қауіп төнген "бесінші авенью" көшесінде 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Әзірге басқа зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. "Дэйли мейл" басылымының деректеріне сүйенсек,  таяуда ғана дүкенде құны 500 млн доллар шамасында жөндеу, қалыпқа келтіру  жұмыстары жүргізілген.

Еске салайық, шаһарда бұл зергерлік бұйымдар дүкені туристердің көп  баратын жері. Себебі мұнда 1961 жылы Одри Хепберннің  қатысуымен голливудтық фильм түсірілген болатын. 
01 шілде 2023 ж. 169 0