Үндістанда лай көшкінінен 26 адам қаза тапты

Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған.
Құтқарушылар тағы төрт адамның денесін тапты, көз жұмғандар саны 26-ға жетті: 25 жергілікті тұрғын және бір өрт сөндіруші, - дейді полиция.
Бейсенбіге ауған түні Райгад округінде орналасқан ауылдағы үйлерді лай көшкіні басып қалған. Салдарынан 48 үйдің 17-сі қираған. Ауылда тұратын 200 тұрғынның 86-сы жоғалғандар қатарында.