Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дельфиндердің демалушыларға шабуыл жасауы жиіледі

Дельфиндердің демалушыларға шабуыл жасауы жиіледі

Жапонияда бір апта ішінде су жануарларынан 4 адам жапа шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабар 24 хабарлауынша, екі тұрғын ауыр дене жарақты алған. Дельфиндер бір қарттың қабырғасын сындырып жіберген екен.

Мамандардың болжамы бойынша, жануарлардың мұны бір нәрсеге алаңдаушылық білдіргеннен немесе адамдардың тамақ бергеніне үйреніп, соны сұрап әрекет етуінен болуы мүмкін.
25 шілде 2023 ж. 195 0