Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда қарулы адам банк тонамақ болған

Грузияда қарулы адам банк тонамақ болған

Кутаисидегі Руставели көшесінде арнайы операция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Rustavi 2 телеарнасының хабарлауынша, 20 қыркүйек күні «Грузия Банкіне» қарулы адам кірген. Оқиға кезінде банкте шамамен 10 адам болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар әлі де ғимарат ішінде.

Грузия ІІМ-нің хабарлауынша, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршап алған.

«Жергілікті жерге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық қажетті және шұғыл шараларды қабылдайды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Грузияның ішкі істер министрлігі.
20 қыркүйек 2022 ж. 550 0