Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте құрылысшылар адам қаңқасын тауып алды

Шымкентте құрылысшылар адам қаңқасын тауып алды

Жер қазу жұмыстары кезінде экскаватор машинисті топырақ астынан адам сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмысшылар бұл туралы бірден полиция қызметкерлеріне хабарлады. Ол жерге Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің құқық қорғау қызметкерлері келіп, қажетті жедел шараларды іске асырды. Адам сүйегінің ол жерде қанша уақыт бойы жатқаны және оның өліміне не себеп болғаны туралы ақпарат сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Алдын ала болжам бойынша, адам қаңқасының бұл жерде жатқанынан кем дегенде жиырма жыл болған. Соған қарағанда ол полиция қызметкерлері анықтай алмаған, тіпті оларға белгісіз қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.

Baq.kz
27 сәуір 2018 ж. 879 0