Пәкістанда автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты

Құтқару қызметінің сөзінше, апат Фейсалабад Toll Plaza автожолында таңертең болған. Автобус отын тасымалдап бара жатқан пикаппен соғысқан, сол себепті де өрт басталды.
Ақпарат түскеннен кейін құтқарушылар бірден оқиға орнына келіп, зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізді, деп хабарлады құтқару қызметі.
Олардың кейбірінің денесін күйік шалған, үшеуінің жағдайы өте ауыр, деп толықтырды мекеме.
Құтқару қызметінің мәліметінше, автобуста шамамен 40 жолаушы болған.
Деректер бойынша, автобус елдің оңтүстігіндегі Карачи портты қаласынан ел астанасы Исламабадқа бара жатқан.