Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Өзбекстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Өзбекстанның Олий Мәжілісі Қылмыстық және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұсынылып отырған заң жобасы Өзбекстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы азаматтардың ұлттық, нәсілдік, этникалық белгілері бойынша артықшылығын немесе төмендігін насихаттағандарға, заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қиюға жауапкершілік белгілеуді көздейді.

Сонымен қатар заң жобасында екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттағандарға, әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамағандарға, азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүруге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
07 қыркүйек 2023 ж. 175 0