Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таулы Қарабақ республика ретінде ресми түрде жойылады

Таулы Қарабақ республика ретінде ресми түрде жойылады

Ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзім ішінде республиканың мемлекет ретінде қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Sputnik Арменияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Таулы Қарабақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ресми түрде мемлекет ретінде жойылады. Тиісті жарлыққа ресми мойындалмаған республика басшысы қол қойды. Ақпараттық штаб мәліметіне сай, шешім 2023 жылдың 19 қыркүйегінен кейін туындаған жағдайға байланысты қабылданған.
Осылайша, Таулы Қарабақ үкіметіне бағынатын барлық мемлекеттік мекеме мен ұйымдар таратылмақ. Ал республика халқы, оның ішінде қазір басқа жақта жүргендер Әзірбайжан ұсынған реинтеграция шарттарымен танысқаннан кейін Таулы Қарабақта қалу (қайту) мүмкіндігі туралы дербес шешім қабылдауға құқылы.

Таулы Қарабақтағы соңғы оқиғалар 19 қыркүйекте Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады. Сонымен бірге ведомство олар тек заңды әскери нысандарды жоятынын атап өтті. Бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға зиян келмейді, деп мәлімдеді ведомство.
Аталған жайтқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған БҰҰ-да сөйлеген сөзінде пікір білдірді. Ол Таулы Қарабақ Әзірбайжанның территориясы екенін айтып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілетініне үміт артатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Таулы Қарабақ Әзірбайжан территориясы екенін еске салды. "Қарабах – Әзірбайжанның жері. Оған басқа мәртебе беру әрекеті ешқашан оң нәтиже бермейді", – деді Түркия президенті. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы келіссөздер үдерісін үнемі қолдайтынын атап өтті. "Өкінішке қарай, Армения бұл тарихи мүмкіндікті пайдалануға асықпайды", – деді Түркия басшысы.
29 қыркүйек 2023 ж. 364 0