Испанияда қаралы күн жарияланды
Испанияда түнгі клубтағы өрт құрбандарын еске алу мақсатында қаралы күн жарияланды. Ол үш күнге жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«МИР 24» мәліметінше, Испанияның оңтүстік-шығысындағы өңірде болған дискотека қайғылы жайтпен аяқталды. Мурсия қаласында түнгі клуб өртке оранып, 13 адам мерт болды.
Тағы бірнеше адам күйіп қалды. Алайда зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Белгілі болғандай өрт екі ғимараттың ортасынан басталып кетіп, клубты шарпыған. Испаниялық БАҚ ақпаратына сүйенсек, оған шамның қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.
Өртті ауыздықтауға 60 өрт сөндіруші және полиция атсалысты. Сондай-ақ 12 техника қолданылды. Қазір төтенше жағдай қызметтері үйінділерді тазартып жатыр. Қазір Мурсияда үшкүндік қаралы күн жарияланды.