Венесуэлада көшкін салдарынан 50 адам қаза тапты

Елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Жергілікті билік елдің солтүстігіндегі Арагуа штатында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Құтқару жұмыстарына 3200 адам қатысуда. Сондай-ақ 30 бірлік техника жұмылдырылған. Еске салсақ, 12 қазанда президент Николас Мадуро апат аймақтарын аралап, зардап шеккендер саны жүз артуы мүмкін деп қауіптенген еді.