2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді

«ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», – деді ол.
ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың 8 қазанында Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысын «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
kaz.inform.kz