Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз Республикасының туы өзгереді

Қырғыз Республикасының туы өзгереді

Қырғызстан парламентінің комитеті елдің мемлекеттік туының дизайнын өзгертуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл бастаманы бірінші болып Жогорку Кенеш депутаттары Нұрланбек Шәкиев, Ұлан Пірімов көтерген. Пірімов заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Қырғыз Республикасының туындағы сәулелердің толқын тәрізді күн сәулелерінің пішіні, анық күнді еске түсіретін тік пішінге өзгертіледі.

    «Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесінің жаңа нобайын жасау үшін бастапқы кезеңде осы туды жасаған авторлар жұмылдырылмақ. Олар математикалық есептеулер мен сызбаларды және соған байланысты жұмыстарды жүргізеді. Қырғыз туы авторларының бірі Жүсіп Матаевтың айтуынша алғашқыда күн сәулесін анық еске түсіретін пішін ұсынылғанын, бірақ кейін бұл күн сәулелері өзгеріске ұшырағанын айтты», деп жазады басылым.

Сурет ашық дереккөзден алынды 
01 желтоқсан 2023 ж. 686 0