Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Финляндияны неге жаппай жемқорлық жайламаған?

Финляндияны неге жаппай жемқорлық жайламаған?

1. Финдер сән -салтанатқа, дүниеге құмар емес. Олар үшін бұл орта ғасырлық көңіл көтерудің жаман әдеті боп саналады. Олардың түсінігінде алтын дәретхана орнату - тек артта қалған адамның тірлігі.2. Халықтың есебінен өз отбасыңды байыту бұл - өз халқын жек көру деген сөз. Тек азғындар ғана мұндай іске барады.
3. Финдер бюджет қаржысын, яғни халықтың қаражатын жырымдау бұл өз балаларың мен немерелеріңді жек көруді білдіреді деп сенеді, өйткені осы жасалмай қалған жолдармен олар жүріп, қаржысы желінген мектепте солар оқитын болады. Өз баласы мен немересін тек ардан безген адам ғана жек көруі мүмкін.
4. Финдер ұры адам - қорқып өмір сүретініне сенімді, ол ұрлығы әшкере болып, әділ жазаға тартылам ба деген қорқынышпен өмір сүреді. Мұндай адам азат бола алмайды. Және халықтан бөлініп, жеке жабайы адам сияқты ғұмыр кешеді. Ондай өмірдің құны көк тиын!
5.Финдер өз баласын жайлы, жылы жерге орналастыру оларға үлкен зиянын тигізеді деп санайды. Егер адам бәріне өз еңбегімен, күшімен, алған білімімен қол жеткізбесе, сол жолда құлап , сүрінбесе; жай мұраға ие бола салса - бұл ол үшін өте ауыр болмақ. Өз баласының болашағына тек ақымақ қана балта шабады.
(с) Тоғжан Қахарбек
21 ақпан 2019 ж. 1 157 0