Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дания королевасы Маргрете тақтан бас тартатынын мәлімдеді

Дания королевасы Маргрете тақтан бас тартатынын мәлімдеді

Дания патшайымы Маргрете II халыққа арнаған жаңажылдық үндеуінде күтпеген жерден тақтан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

14 қаңтарда оның патшайым болғанына 52 жыл толады. Дәл осы күні тақтан бас тарту рәсімі өтеді деп жоспарланып отыр.

Маргрет кеткеннен кейін оның үлкен ұлы мұрагер ханзада Фредерик король болады.

«Мен тақты ұлым, мұрагерім Фредерикке қалдырамын», - деді ол.

83 жастағы Маргрете II - 1952 жылы әкесі король Фредерик IX қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Дания тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх.

Британ король дәстүрінен айырмашылығы сол - Данияда 55 жастағы тақ мұрагері Фредерикке ресми тәж кигізу рәсімі болмайды.

Оның орнына сарай оның таққа отырғанын сол күні жариялайды.

Королева Маргрет Даниядағы танымал тұлға және көптеген даниялықтар оны өлгенше тағында қалады деп күткен.

Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында ол теледидарда көпшілікті құттықтап, сөз сөйлейді.

Биыл тағынан бас тарту туралы күтпеген мәлімдемеден басқа Маргрете II Таяу Шығыс пен Украинадағы соғыс, сондай-ақ климаттық өзгерістерді шешудің маңызы туралы айтты.

Еуропадағы басқа корольдік отбасылар сияқты заманауи қоғамның проблемаларына тап болған Дания патша отбасы король әулеті мүшелерінің санын қысқарту жөнінде шешім қабылдады.

Алайда өткен жылы тақ мұрагері Фредериктің інісі ханзада Йоахимнің балалары корольдік титулынан айырылғаннан кейін король отбасындағы жағдай қоғамдық келіспеушілікке әкелді.

Фото: kaz.inform.kz

01 қаңтар 2024 ж. 579 0