Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді

Данияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді

1 қарашада Данияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қауіпсіздік саясаты, энергетикалық саясат және экономикаға қатысты халықаралық дағдарыс жағдайында парламент сайлауын өткізу біртүрлі көрінеді. Дегенмен, Дания парламентіндегі көпшілік дәл осыны қалайды. Сондықтан бүгін мен мәртебелі Королеваға Дания парламентіне сайлауды ұйымдастыру туралы хабарладым», - деді премьер-министр Метте Фредериксен.

Данияның премьер-министрі мен коалициядағы серіктестер арасындағы кикілжіңге күзендердің өлтірілуі себеп болған. 2020 жылы Метте Фредериксен үкіметі 17 млн жануарды ұйықтатып өлтіру туралы шешім қабылдады. Бұған күзендердің кейбірінде коронавирус мутацияның анықталуы себеп еді. 2022 жылдың маусымында арнайы комиссия бұл шешімді заңсыз деп таныды.

Айта кетсек, пандемияға дейін Дания күзен жүнін әлемдегі ең ірі экспорттаушы ел болған.

nform.kz
06 қазан 2022 ж. 380 0