Жапонияда 24 адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды

Киодо агенттігі Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапқанын мәлімдеді. 40 адам жарақат алған.
Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияның орталық аймағында магнитудасы 3,6-дан 7,6-ға дейінгі бірнеше жер сілкінісі болды. Күшті жер асты дүмпулері Осака мен Киотода, Токиода сезілді.
Жапония үкіметі цунами қаупі бар деп жариялады.
Фото: ашық дереккөз