Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтататынын жариялады

АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтататынын жариялады

Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби қаржыландырудың аяқталуына байланысты ел билігі енді Киевке көмек бере алмайтынын жариялады. Джон Кирби бұл туралы журналистерге арналған брифингте мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Біз Украинаға арналған бар резервтерімізден қаржыландырған соңғы пакетті де бердік. Осымен көрсетілетін көмек тоқтайды», деді Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі.

Джон Кирбидің айтуынша, ендігі жерде Киевке қаржының одан әрі бөліну-бөлінбеу мәселесі толығымен Конгресске байланысты болып отыр.

Батыс БАҚ-тары АҚШ пен ЕО Украина қақтығысынан қажи бастағанын және Зеленский режимін қолдаудың әлсірегенін басым түрде жазып жатыр. Ал NBC арнасының хабарлауынша, америкалық және еуропалық шенеуніктері Киев-Ресей бітімгершілігін талқылап, келісімге келу үшін Украинаға неден бас тартуға тура келуі мүмкін деген тақырыпта болжам жасауға көшкен.

Фото: egemen.kz
12 қаңтар 2024 ж. 584 0