Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та жиырма көлік бір мезетте соқтығысып қалды

АҚШ-та жиырма көлік бір мезетте соқтығысып қалды

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол апаты болып, 20 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның үшеуі – жолаушылар мінген автобус. Алтауы – жүк көлігі. Тағы 11-і – жеңіл көлік. Оқыс оқиға, жолдағы қалың тұман салдарынан болған.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 22 адам жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір аймақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Фото: baq.kz
23 ақпан 2024 ж. 426 0