Аудан әкімі спорт саңлақтарымен кездесті

Аудан басшысы бабаларының кіндік қаны тамған атамекенге ат басын бұрған спортшылар қадамының оң болуын тілеп, алдағы уақытта да биік тұғырдан көрініп, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде спортшылар атамекен Арал өңіріне келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, аудан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, айдынды өлкенің бұқаралық спортын дамытуға барынша қолдауларын көрсететінін айтты.
Кездесуде аудан басшысы қонақтарға Аралдың абызы Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын, сондай-ақ өлкенің тарихы мен даму барысын сипаттайтын арнайы жинақтарды табыстады.


Фото: Арал ауданы әкімдігі