Аудан әкімі облыстың Бас имамымен кездесті

Аудан басшысы кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың тұрақты екендігін айтып, бұл бағыттағы ауқымды жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта ақпараттық насихаттық топпен бірге жан-жақты іс-шаралар қолға алынатындығына тоқталды.
Өз кезегінде облыстың бас имамы Діни Басқарманың игі бастамаларына қолдау білдіріп, жанашырлық танытуға ықылас білдірген аудан басшысына ризашылығын білдірді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі