ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуырда ғана Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында өткен «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жек спортынан әлем чемпионатында аралдық екі бірдей спортшымыз – Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды.
Бүгін Арал өңірінің ғана емес ел мақтанышы болған жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов бастаған қолдаушылары мен белсенді жастар ыстық ықыласпен қарсы алды.
Әлем чемпиондарына деген құрмет одан әрі аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың арнайы қабылдауына ұласты. Аудан басшысы жерлес чемпиондарды айтулы жеңісімен құттықтап:
-«Айдынды Аралдың қос бірдей азаматы әлем чемпионы атанды деген хабарды естігенде төбеміз көкке жеткендей, бойымызды айрықша қуаныш кернеді. Байрақты бәсекеде әлемді аузына қаратып, тізе бүктіру бірінші кезекте тәжірибеге, шеберлікке байланысты болса, содан кейінгі кезекте өр намыстың арқасы деп білемін. Кез-келгеннің уысына түсе бермейтін Сіздердің айқын жеңістеріңіз барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Сыр елінің зор мақтанышы», - деп, жерлес спортшыларға ақжарма тілегін білдіріп, арнайы құттықтау хаты мен демеушілер есебінен тиісті деңгейде сый-сыяпатын табыс етті.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Серік Алмагамбетов әлем чемпионатының командалық есептегі екінші орынға берілген кубогын және бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиковтың Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Ә.Оразбаевқа жолдаған алғыс хатын табыстады.
Атап өту қажет, ағайынды аралдық спортшылар аудан тарихында осы спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионы атағын алып отыр.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі