Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 797-ге жетті

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 797-ге жетті

Израильдің үздіксіз шабуылдары нәтижесінде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 мың 797-ге жетті. Бұл туралы дүйсенбіде Хамас бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Anadolu.

Ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде Израиль әскерлерінің шабуылынан соңғы 24 сағат ішінде 68 палестиналықтың көз жұмғаны, 94-ін жараланғаны айтылды. Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері Палестина анклавында қаза тапқандардың жалпы саны 33 797 адамға, жараланғандар саны 76 465 адамға жеткен.

Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
16 сәуір 2024 ж. 405 0