Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды
Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Елдегі термометр бағанасы сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түскен жоқ. Өткен аптада Лампанг қаласында ауа температурасы 44 градусқа жеткен.
Синоптиктердің болжамынша, елдің орталық және солтүстік облыстарында жоғары температура осы аптаның соңына дейін сақталады. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ыстықтан ең көп зардап шегетіндер – далада жұмыс істейтіндер мен баспанасыз адамдар.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: inbusiness.kz