Қырғызстанда жаңа банкнот айналымға шығарылды

Елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы банкноттың бет жағында қырғыздың көрнекті актері және суретшісі Сүйменқұл Чокморовтың портреті және банкноттың сырт жағында «Ала-Тоо» кинотеатрының ғимараты сақталған. Банкноттың негізгі түсі мен өлшемі де өзгеріссіз қалды.
Номиналы бес мың сом болатын банкнот жалған ақша жасаудан сенімді қорғауды қамтамасыз ететін заманауи қорғау элементтерінің үш деңгейлі кешенін қамтиды.
Ұлттық банк ұлттық валютаның барлық банкноттары елде ресми төлем құралы мәртебесіне ие және шығарылған жылына қарамастан төлем құралы ретінде міндетті түрде қабылдануға жататынын еске салды.
Сурет: baq.kz