Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "60 мың теңгелік банкнот шықты": Ұлттық банк мәлімдеме жасады

"60 мың теңгелік банкнот шықты": Ұлттық банк мәлімдеме жасады

 Әлеуметтік желіде 60 мың теңгелік банкнот айналымға шыққаны туралы видео тараған болатын. Ұлттық банк осыған қатысты ресми мәлімет берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.
Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объевктивті себептер болуы керек. Қазіргі таңда ондай қажеттілік байқалып тұрған жоқ. Осылайша жаңа номинал шығару туралы жоспар жоқ.
ҚР ұлттық валютасының қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады",- деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Ұлттық банк мамандары жаңа номиналдағы банкнот шығатын болса, ол туралы мәлімет әуелі қаржы реттеушісінің тарапынан берілетінін еске салады.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылатынын және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыратынын атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан шығару тәртібі туралы шешімдерді Қазақстан Ұлттық банкі қабылдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - делінген ресми мәліметте.
16 қараша 2022 ж. 3 178 0