Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада жер сілкінді

Мексикада жер сілкінді

Мексика мен Гватемаланың шекарасында магнитудасы 6,4 балды құраған күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АВС News-тің мәліметінше, бақытқа орай зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Гватемалада бірнеше ғимараттың бүлінгені айтылуда. Мексикада билік жерасты дүмпулері салдарынан орын алуы мүмкін селден қауіптеніп отыр.

Дабыл даусы тұрғындарды жер сілкінісіне дейін 30 секунда қалғанда оятқан. Мамандар бұл күрделі жарақат пен үрейдің алдын алуға көмектесті деп отыр.

Сурет: ашық дереккөз 
13 мамыр 2024 ж. 519 0